Қазақстан жаңалықтары5 қаңтар 2026, 20:31

Атырауда жоғалған отбасының телефондары Шымкентте қосылғаны белгілі болды

Атырауда жоғалған отбасының телефондары Шымкентте қосылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Атырау облысында жоғалған бүтін бір отбасының телефондары Шымкент қаласында қосылғаны белгілі болды.

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын отбасы, яғни әкесі мен шешесі, 2 баласы қараша айынан бері хабар-ошарсыз. Тек желтоқсан айында ұлы туыстарына хабарлама жазып, сол айдың 10-ы күні келетінін айтқан. Бірақ одан кейін де хабар болмаған соң туыстары 25 желтоқсанда Полиция департаментіне арызданған.

Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, ел бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Атырау Отбасы жоғалды Шымкент

Тақырыпқа жаңалықтар