Атырауда журналист кәсіпкерден ақша бопсалаған

Атырауда кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның хабарлауынша, ол кәсіпкерден компания қызметіне қатысты бейнематериалды жарияламау үшін ақша талап еткен.

36 жастағы әйел қаладағы қонақ үйлердің бірінде ұсталған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктінің қылмысқа қатысы бар басқа адамдармен байланысы тексерілуде.

Атырау Журналист кәсіпкер бопсалау

Тақырыпқа жаңалықтар