Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары3 қараша 2024, 14:00

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Оқыс оқиғалар мен авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өзгерістер нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу мен есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында енгізіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 12 қарашасына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Авиация оқиғалар тексеріс Өзгеріс

Тақырыпқа жаңалықтар