Түркістан облысында браконьерлерден 264 келі балық тәркіленді
Түркістан облысында Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды,деп хабарлайды Arbat.Media.
Оларды полиция қызметкерлері мен балық инспекциясының өкілдері бірлескен рейд барысында анықтаған.
Тексеру кезінде күдіктілерден жалпы салмағы 264 келі болатын түрлі балық, қайық және балық аулауға арналған тор тәркіленді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Полиция су биоресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және жолын кесу мақсатындағы рейдтік шаралар жалғасатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: