Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті. Осы кезеңде Қазақстан экономикасында елеулі өзгерістер болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ЖІӨ өсімі

Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім ұлттық валютада екі еседен астам өсті. 2019 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 715,5 мың теңгені құраса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 млн 661,6 мың теңгеге жетті.

Осылайша, атаулы өсім 2,3 есе болды.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні долларменесептегенде де оң динамика байқалады. Жеті жылішінде бұл көрсеткіш 2 005,1 доллардан 3 338,3 долларға дейін, яғни шамамен 1,7 есе өсті. Теңгемен доллардағы өсімнің айырмашылығы, соныңішінде ұлттық валюта бағамының өзгеруінебайланысты.

Халықаралық резервтер

Сонымен қатар Қазақстанның таза сыртқы қарызы азайды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында оныңкөлемі 51 млрд доллар болса, 2026 жылдың біріншітоқсанына қарай 35,1 млрд долларға дейінтөмендеді. Қарыз көлемі шамамен 16 млрд долларға немесе 31%-ға қысқарды.

Елдің жалпы халықаралық резервтері айтарлықтайөсті. Қарастырылып отырған кезеңде олардыңкөлемі 27 млрд доллардан 66,8 млрд долларға дейінұлғайып, шамамен 2,5 есе артты.

Халықаралық резервтер мемлекеттің қаржылықтұрақтылығын қолдауға, сыртқы міндеттемелердіорындауға және экономикалық күйзелістер кезіндетәуекелдерді азайтуға пайдаланылады.

Алтын

Халықаралық резервтер құрамындағы монетарлықалтын көлемі айтарлықтай өсті. 2019 жылдыңбірінші тоқсанында оның құны 15 млрд долларғабағаланса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұлкөрсеткіш шамамен 51,8 млрд долларға жетті.

Осылайша, монетарлық алтынның ақшалай мәндегікөлемі шамамен 3,45 есе ұлғайды.

Зейнетақы

Өзгерістер әлеуметтік саланы да қамтыды. Еңтөменгі зейнетақы мөлшері 2019 жылғы 36 108 теңгеден 2026 жылы 69 049 теңгеге дейін өсті.

Осылайша, ең төменгі зейнетақы мөлшері шамамен1,9 есе артты.

 

Тоқаев Президент өсім

Тақырыпқа жаңалықтар