Бала күтушісімен қалған 7 айлық сәби көз жұмды

Көпбалалы ана кенже қызын омыраудан шығару мақсатында үш күнге бала күтушісіне қалдырған. Алайда арада бірнеше сағат өткенде нәрестенің қайтыс болғаны туралы суыт хабар жеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жәбірленуші ананың айтуынша, оқиға орнына жеткен кезде сәби үйдің залында жатқан. Ал сотта жарияланған сараптама қорытындысында нәрестенің мойын тұсынан тұншықтырылған белгілер анықталғаны айтылды.

Бала күтушісі күдікті ретінде қамауға алынғанымен, өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Оның қорғаушысы сот барысында баланың денсаулығына қатысты өз уәждерін келтірген. Ал жәбірленуші тарап кінәлі адам заң алдында қатаң жауап беруі тиіс деп есептейді.

Іс бойынша сот процесі әлі жалғасуда. Нәрестенің өліміне нақты кімнің кінәлі екені соттың түпкілікті шешімінен кейін белгілі болады. Егер бала күтушісінің кінәсі толық дәлелденсе, оған Қазақстан заңнамасында көзделген ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сәби Бала жұмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар