Балаларына қарыз болған әке пәтерінен айырылды
Алимент берешегі үшін борышкердің пәтері өндіріп алынды, деп хабарлайды Arbat. Media.
Маңғыстау облысында алимент төлемегендерден 33 млн теңге өндірілген. Сондай-ақ 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілген.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, алимент төлеуден жалтарған 26 адам әкімшілік жазаға тартылған. Оларға айыппұл салу және қамауға алу жазалары қолданылған.
Бұдан бөлек, 5 адам сот шешіміне сәйкес қылмысқа жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: