Балқашта адамдарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Балқашта қала тұрғындарын қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды.

«Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді», деп хабарлайды ІІМ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Ақпарат Балқаш ұрлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар