Балтамен шабуылдаған: зардап шеккен 2 оқушының жағдайы белгілі

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы Құлсары қаласындағы №6 жалпы білім беретін мектепте болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

2009, 2010 жылдары туған екі жасөспірім медициналық тексерістен өтті. Сызаттар мен теріасты көгерген жерлер анықталды.

Еске салайық, Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасаған. Балта ұстап жүгірген ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шабуыл Мектеп Оқушы Құлсары

Тақырыпқа жаңалықтар