Бектенов бірнеше әкімге орынбасарларын жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов кеңес өткізіп, бірқатар өңірлерде инвестиция тарту ісі ақсаңдап тұрғанын сынға алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бектенов 2029 жылға қарай Қазақстан 150 млрд доллар инвестиция тартуы тиіс екенін атап өтті. Алайда, өңірлерде ол үшін қарқынды жұмыс жүргізілмей жатыр екен. Әсіресе Атырау облысы, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстары артта қалып отырған көрінеді.

«Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деп атап өтті Бектенов.

Бектенов мемлекеттік органдар тезірек жұмыс істеуін тапсырды. Өйткені инвестициясыз экономика дамымайды.

бектенов Астана Әкім орынбасар

Тақырыпқа жаңалықтар