Бектенов бірнеше өңірдің әкімін сынап тастады

Премьер-Министр Олжас Бектенов бірнеше өңірдің әкімін сынға алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдерін теміржол вокзалдарын жаңғыртудағы баяу жұмыс үшін сынға алды.

«Алматы-1» вокзалының күрделі жөндеуі тым созылып кеткен. Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында да жұмыс қарқыны төмен.

Үкімет мердігерлерді дер кезінде анықтап, әкімдіктерге қолайлы шарттар жасаған. Соған қарамастан, құрылыс барысын бақылау босаңсыған.

Вокзалдарды сапалы жөндеп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

бектенов Әкім облыс Қала

Тақырыпқа жаңалықтар