Білім гранты иегерлерінің тізімі бүгін тамыз күні жарияланады
Білім гранты иегерлерінің тізімі бүгін тамыз күні жарияланады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Конкурс нәтижелерін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшаларынан көруге болады.
2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның 60%-ы техникалық бағыттағымамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.
Сондай-ақ биыл екінші жыл қатарынан сараланған гранттарды бөлу қарастырылуда. Былтыр алғаш рет 300 сараланған грант бөлінсе, биыл осы көлемде ұсынылуда. 150 грантты педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 150 грантты жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдараламаларына бөлуді жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.