Бір палаталы Парламент пен Халық кеңесі құрылады
Бір палаталы Парламент пен Халық кеңесі құрылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жаңа Конституция жобасына сәйкес елде бір палаталы Парламент құрылып, ол Құрылтай деп аталады. Онда 145 депутат пропорционалды жүйемен бес жылға сайланады.
Сондай-ақ Халық кеңесі атты консультативтік орган құрылады. Оның құрамына этностар, қоғамдық ұйымдар және өңірлік мәслихат өкілдері кіреді.
Кеңес ішкі саясат бойынша ұсыныс беріп, қоғамдық келісімді нығайтуға, заң жобаларын ұсынуға және референдум бастамасын көтеруге құқылы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: