Бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншали үйқамаққа алынды

Астанада бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншали алаяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА мәліметінше, 2021–2024 жылдар аралығында Мөлдір Суюншали «Nura Elite» коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаражат жиған.

Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған. 2023 жылдың 4-тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған.

56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған.

Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында «Асылхан» тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын

үй кешенінің құрылысы басталмаған.

Соттың санкциясымен Мөлдір Суюншалиға үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Құрылыс Перизат Қайрат Қылмыс ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар