Бишімбаевтың анасы өз туысын сотта жеңіп шықты

Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекова өз туысын 1 миллион доллар ақшамды жымқырды деп айыптаған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Аталмыш іс бойынша Астана соты айыпталушы Бекзат Кемелованы кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты, жаза 1 жылға кейінге шегерілді.

Сондай-ақ сот шешімімен Кемеловадан Нұрлыбекованың пайдасына 500 миллион теңге өндірілді.

Ал айыпталушы Бекзат Кемелова сот шешімімен келіспейтінін, кінәсі толық дәлелденбегенін алға тартты.

Астана сот Бишімбаев Қаржы
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 19:34 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:42 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар