Бішкектегі митингіден кейін Пәкістан азаматтары қазақ шекарасын кесіп өтпек болды
«Васильевка» шекара заставасының жауапты аумағында түнгі рейд барысында Қырғызстанның Қазақстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Пәкістанның алты азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады 24.kg.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шетелдік азаматтар Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 мамыр күні кешке Бішкекте шетелдіктерге қарсы басталған наразылық тек 18 мамыр күні таңертең аяқталды.
Полицейлер шеруге шыққандармен келісімге келіп, олар Шу даңғылын ашып, сәлден соң тарап кетті.
13 мамырда хостелде болған төбелестен кейін тәртіп сақшылары мысырлық төрт азаматты ұстады.
Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.