Блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің мәлімдеуінше, блогерлер Жанәбіловтерге Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сот материалдары құқықбұзушылық белгілерін анықтап, іс тиісті органдарға жолданған. Қазіргі таңда блогерлердің табысы мен жұмсаған қаражаты тексеріліп жатыр. Агенттік тексеру аяқталған соң олардың әрекетіне құқықтық баға береді. Тергеу шамамен екі айға созылады.
Еске салайық, олар Instagram-да 10 көлік пен басқа бағалы сыйлықтарды ойнатқан еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: