БҚО-да жолаушылар автобусы мен мектеп автобусы соқтығысты

Батыс Қазақстан облысында жолаушыларды тасымалдаған автобус мектептің автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, жол апаты 31 наурызда сағат түскі 14:00-де Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылының маңында тіркелген.

Жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік ішінде оқушылары бар мектеп автобусының артқы жағынан соққан. Салдарынан мектеп автобусы интерциямен алда тұрған Ford Galaxy автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатының кесірінен зардап шеккендер бар. Олардың ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар. Әзірге қанша баланың жарақат алғаны беймәлім. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер туралы мәліметті беруге уәде берді. Мектептің автобусының ішінде қанша бала болғаны? Олар қайда бет алғаны туралы мәліметте белгісіз. Облыстық білім беру басқармасы да сауалдарымызға жауап береміз деп айтты.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

БҚО Апат автобус Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар