Бүгін Перизат Қайратқа сот үкімі шығады
Бүгін Перизат Қайратқа қатысты сот үкім шығарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін, 25 шілдеде, сағат 15:00-де Астана соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім шығарады.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайратты 10, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады.
Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды да талап етті.
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол шығарып, жұмсап отырған. Ұрланған қаражат 3,5 млрд теңге болды. Жөндеу, жол жүру, жиһаз және киім-кешек шығындарының ішінде 6,9 миллион теңгеге сатып алған Rolex сағаты бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: