Burger King-тегі қызметкердің дауынан кейін компания жауапқа тартылды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Burger King қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілді. Тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталды.
“Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар, ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен қамтамассыз етпеген. Ал персонал еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады.