«Бюллетеньді тіркеу»: Алаяқтар референдум қарсаңында алдаудың жаңа тәсілін тапты

Алаяқтар азаматтарға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты айтуды сұрап хабарласа бастаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сондай-ақ мессенджерлерде өздерін онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз деп таныстырады. Осылайша «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таратқан.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дауыс беру және оған қатысты рәсімдер телефон арқылы қоңырау шалу немесе SMS-код сұрату арқылы жүзеге аспайтынын ескертті.

Сонымен қатар референдумда тек тиісті учаскелерде қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы дауыс беріледі.

алаяқ Қылмыс Заң Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар