Челахқа үкім шығарған судья қызметінен кетті

Судья Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен не себепті босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кадрлық шешім судьяның өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қабылданған.

Айта кетейік, Ербол Ахметжанов Арқанкерген оқиғасы бойынша 2012 жылы Владислав Челахқа үкім шығарған. Ол 15 адамның қаза табуына байланысты негізгі айыпталушы ретінде танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

судья Челах сот шешім
22 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
22 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
22 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар