Денсаулық сақтау министрі соққыға жығылған дәрігерге қатысты үндеу жасады

Қостанайдағы дәрігердің соққыға жығылуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министрлік басшысы қазақстандықтарды медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды сұрады.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерге медбике қызметінен министрге дейінгі жолдан өткен адам ретінде жүгінемін. Медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатыңыздар! Бұл жай ғана агрессия емес — бұл қылмыс», - деді министр.

Сондай-ақ, Әлназарова былтыр қыркүйек айында парламентке медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы заң жобалары енгізілетінін айтты.

Дәрігер Денсаулық министр Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар