Дина Төреәлі тағы да жүкті
Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады Arbat.Media.
«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұр. Бақыт үш есе артты. Шүкір», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Бірі қуанышына ортақтасып, денсаулық тіледі. Ал енді бір бөлігі «үш жылда үш баланы дүниеге әкелу – үлкен батылдық» екенін атап өтті.
Төреғалидің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі де қуанышын жасырмай, бауырына ізгі тілегін жеткізді:
«Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін. Диконым үшін дұға етіп қойыңыздар».
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: