Дональд Трамптың портреті 1 долларлық монетада бейнеленуі мүмкін

Дональд Трамптың портреті 1 долларлық монетада бейнеленуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

АҚШ-тың 250 жылдық мерейтойына орай шығарылатын 1 долларлық естелік монетада Президент Дональд Трамптың портреті бейнеленуі мүмкін. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі хабарлады.

«Даулы монета дизайны шынымен соғылатын-соғылмайтыны әлі белгісіз, себебі қазіргі немесе бұрынғы тірі президенттің бейнесін монетада бейнелеуге АҚШ заңы бойынша тыйым салынған. Президенттің бейнесін монетаға тек ол қайтыс болғаннан кейін кем дегенде екі жылдан соң ғана бейнелеуге болады», - делінген хабарламада.

Америка Құрама Штаттарының 250 жылдық мерейтойына дайындық аясында Конгресс айналымдағы монеталарды қайта дизайндау туралы Заң шығарған. Бірақ бұл заңда да «Монетаның артқы бетінде тірі немесе қайтыс болған адамның иықтан жоғары портреті немесе тірі адамның портреті бейнеленбеуі тиіс» деген маңызды шектеу бар.

АҚШ трамп доллар Ақша
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар