Екібастұзда 2 жасөспірім көз жұмды

Екібастұзда 17 жастағы бозбала мен бойжеткен араға екі күн салып өздеріне қол жұмсаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Павлодар облысының полициясы болған жағдайды растады.

«Екі суицид бойынша қылмастық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде белгілі болады»,- деп мәлімдеді ведомство.

Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева 2008 жылы туған жасөспірімдердің бұрын бір сыныпта оқығанын және бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын айтты.

«Жігіт Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған. Екі жасөспірім де жағдайы жақсы отбасыдан шыққан. Екеуін де туыстары үйлерінен тапқан»,- деді Сәуле Шәкенева.

Екібастұз Жасөспірім қол жұмсады полиция

Тақырыпқа жаңалықтар