Екібастұзда өртке оранған тұрғын үйден ер адамның денесі табылды

Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, 41 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Екібастұзда жеке сектордағы үйлердің бірі өртке оранды. Тұрғын үйден 41 жастағы ер адамның денесі табылды.

Оқиға 8 қаңтар күні кешкі сағат 20:38-де болған. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның жансыз денесін тапты.

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, жалын үй ішіндегі заттар мен ағаш құрылымдарын тез шарпыған. Өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан үш әйелді аман алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.

Тәртіп сақшылары бұл үйде тұратын тұрғындардың оғаш өмір салтын ұстанғанын алға тартып отыр. Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын зерттеу үстінде.

 

Екібастұз павлодар Өрт Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар