Елде алдағы күндері 20 градус аяз болады

Елде алдағы күндері 20 градус аяз болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді. Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр жауады.

Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік өңірлерде де қар түсіп, жел күшейеді.

Солтүстік және орталық аймақтарда күн күрт өзгеріп, бұрқасын соғады, бірақ ауа температурасы қатты түспейді.

Республиканың қалған өңірлерінде ауа райы айтарлықтай құбылмайды.

Ауа райы Климат Астана өңір

Тақырыпқа жаңалықтар