Елімізде кредитін бір ай төлемегендерге несие берілмейді

Қазақстанда кредит беру ережелері өзгерді. 19 наурыздан бастап тұтынушылық несиелер бойынша жаңа нормалар күшіне енді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді қарызын төлемегендерге кредит алу қиын. Бұл өзгерістер жыл басында қабылданған Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң аясында жүзеге асырылып отыр.

Бұған дейін берешек мерзімі 90 күннен асып кетсе, несие беруге тыйым салынатын. Енді бұл мерзім үш есеге қысқарып, 30 күннен асса, жаңа кредитке шектеу қойылады.

Осылайша, кез келген қарызы бойынша бір айдан астам уақыт төлем жасамай жүрген азаматқа жаңадан тұтынушылық несие берілмейді.

Cондай-ақ интернет арқылы немесе кепілсіз несие рәсімдеу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет болады.

Сонымен қатар, жаңа заң банктердің жауапкершілігін де арттырады. Егер клиенттің шотына немесе несиесіне қатысты алаяқтық әрекеттер анықталса, ол туралы клиентке 1 күн ішінде хабарлап, бұзушылықтарды 2 күн ішінде жоюы тиіс. Ал 10 күн ішінде салдарын толықтай жоюға міндетті.

Несие Жастар төлем Заң
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар