Шығыста қар жауса, батыста 21 градусқа дейін жылы болады
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алайда батыс өңірлерде 4–5 қарашада жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер күтіледі. Ал шығыста 3 қарашада қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді.
Елдің қалған аумағында температура айтарлықтай өзгермейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: