Елімізде некеге мәжбүрлегендерге алғашқы қылмыстық іс тіркелді

Неке қиюға мәжбүрлеу фактісі бойынша алғашқы қылмыстық іс Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында тіркелді , деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура мәліметінше, екі жағдайда да жәбірленушілер кәмелетке толмаған. Қазір осы іске қатысты тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, неке қиюға мәжбүрлеу қылмыс саналады. Кінәлілерге айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ сталкинг фактілері бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді - Атырау және Павлодар облыстарында.

Шымкент Қызылорда түрме Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар