Елімізде жалған 5 000 теңгелік банкноталар көбейген
Елімізде жалған 5 000 теңгелік банкноталар көбейген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұлттық Банктің хабарлауынша, жарты жылда 465 150 теңгенің 96 жалған ақша белгісі анықталды. Бұл – 93 банкнота және 3 монета.
Ресми мәліметке сәйкес, көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ына тең.
Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: