Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Таразда жер сілкінісінің сезілу күші 4 баллды, Шымкентте - 3 баллды, Түркістанда - 2 баллды құрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелді, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 км жерде Қырғызстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің есептік күші:
Таразда және Жамбыл облысының бірнеше аудандарында-4 балл, аудандардың кейбір бөлігінде - 2-3 балл.
Түркістан облысында Тұрар Рысқұлов атындағы ауылда ең қатты жер сілкінісі байқалды - 4 балл. Бірнеше аудандарда-2-3 балл.
Құтқарушылардан жедел штаб құрылды, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: