Ер адам әйелін тексермек болып ішін ұстаған фельдшерді ұрып тастады
Түркістанда ер адам әйелінің ішін ұстап тексеріп көрген фельдшерді соққыға жықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түсік тастау қаупімен шақыртқан келіншекті көруге барған жедел жәрдем қызметкерін пациенттің күйеуі ұрып тастаған.
Жанына практикант қызды ерткен фельдшер соқыр ішектен күдіктеніп, аяғы ауыр келіншектің ішін ұстап тексереді.
Келіншегіне бөтен еркектің қолы тигеніне шамданған тұрғын фельдшерді сабай жөнелген.
Ауыр соққы алған жедел жәрдем қызметкері миы шайқалып, қазір ауруханада жатыр.
Облыстық жедел жәрдем станциясы заңгерінің айтуынша, ұрып-соққандар фельдшерден кешірім сұраған. Ол кешірім берген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: