Ер адамды ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, өлтіріп, дәрігерлерге өздері тапсырған
Ер адамды ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, өлтіріп, дәрігерлерге өздері тапсырған, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Өскеменде 30 мамыр күні кешкісін болған. Бір топ адам жігітті үйінен алдап шығарып, белгісіз жаққа алып кеткен. Кейін оның соққыға жығылған денесін ауруханаға әкеп, дәрігерлерге тапсырған.
Енді марқұмның анасы ұлының өліміне қатысы барлардың барлығын табуды талап етіп отыр. Әйелдің айтуынша, бұл іске кемі 10 адамның қатысы бар. Алайда полиция тек алты күдікті барын хабарлады. Қылмысқа қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталыпты. Полицейлер төрт азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тағы екі күдіктіге іздеу жарияланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: