Ерболат Жанәбіловтардың ісі не болды?

Кеше блогер Ерболат Жанәбілов ісі бойынша сот отырысында судья Малика Ноғайбекова оның сыйлықтар ойынына қанша адам қатысқанын сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жанәбілов сотқа ойын 21 тамызда басталғанын және әлі де жалғасып жатқанын айтты, өйткені барлық көлік әлі ойнатылмаған. Блогердің сөзінше, "шамамен 5–6 мың қазақстандық қатысқан, қазірге дейін сегіз көлік ойнатылған".

Блогерлер 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсына сілтеме жариялаған. Сол курсқа жазылғандар арасынан 10 көлік ойнатылатыны айтылған

Баға және сыйлықтар:

Ойынға 10 Hyundai Elantra көлігі қойылған, 2025 жылғы модельдер, бағасы 10–15 млн теңге. Барлығы шамамен 100–150 млн теңге.

24 iPhone смартфоны ойнатылған. Блогер ақшаны таңдағандарға 350 мың теңгеден төлеген. Смартфондар үшін шамамен 8,4 млн теңге кеткен.

Жанәбіловтар ұтыстан қанша табуы мүмкін?

Барлығы: 108,4–158,4 млн теңге.

Сыйлықтарды санамағанда табыс:

 

  • ең көбі – 41,6–71,6 млн теңге,
  • кем дегенде – 21,6 млн теңге немесе тіпті шығынға батуы мүмкін.

 

Ойын әлі жалғасып жатыр.

блогер ойын сот Қылмыс
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар