ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен полиция полковнигі Талғат Шаяхметов Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Polisia.kz мәліметінше, полиция полковнигі Шаяхметов ішкі істер органдарында 27 жылдан астам қызмет атқарып келеді екен. Ол криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік бойынша бөліністерде қызмет атқарған. Талғат Шаяхметов жаңа қызметіне дейінІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Ержан Саденов Талғат Шаяхметовке профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол сондай-ақ антқа адал емес қызметкерлерден дер кезінде құтылу керегін айтты.

полиция ІІБ министр Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар