ІІМ Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғанын растады

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновтің іздеуде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Ол іздеуде, бірақ біз бастамашы емеспіз. Қылмыстық істердің бар екенін негізге ала отырып, құзырлы органдарға жүгінуіңіз қажет. Бұл мәселені бастамашымен бірге шешеміз", - деді министр.

Айта кетейік, бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялауға прокуратура бастамашы болған.

Бұған дейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялаған еді.

Мәжіліс министр Прокурор Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар