ІІМ: Жалған хабарлама таратқандар жауапкершілікке тартылады

Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарламалар жасаған 9-сыныптың екі оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олардың Астана қаласы мен Алматы облысында осындай 14 фактіге қатысы бар екені анықталды.

Сонымен қатар ШҚО-ның 9-сынып оқушысы Шымкент әкімдігі мен Ақтаудағы сауда үйінің электронды пошталарына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хат жолдаған.

Күдіктілердің қылмыс жасау кезінде анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланғаны белгілі болды.

«Жалған қауіп туралы хабарламалар адамдар арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай әрекеттер үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылған. Барлық осындай жағдайлар мұқият тексеріліп, күдіктілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталады», - деді ІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығының орынбасары Аман Әубәкіров.

Алматы облыс жалған Хабар
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар