Іш қуысынан ине табылды: Түркістандық дәрігерлер 8 айлық сәбиге ота жасады
Түркістандық дәрігерлер 8 айлық сәбиге ота жасады. Бұл туралы Түркістан қалалық орталық ауруханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сәби ауруханаға қызылша ауруының белгілері бар деген шағыммен жеткізілген. Тексеру барысында жүргізілген рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде баланың іш қуысынан бөгде зат - ине табылған.
«Сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурудан емес, дәл осы бөгде заттың әсерінен болғаны белгілі болды. Иненің баланың асқорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені анықталды, - делінген хабарламада.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының және Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп, шұғыл ота жасап, сәбиге қажетті ем-шараларды жүргізген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: