Камчатка түбегі жер сілкінісінен кейін 2 метрге қозғалды

Камчаткада жойқын жер сілкінісінен кейін түбектің екі метрге қозғалғаны анықталды. Ключевская Сопка және Крашенников жанартауларының атқылауына да осы жағдай себеп болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының геофизика қызметі мәлімдеді. Жердің айтарлықтай сейсмикалық ойысуы 30 шілдеде түбектің оңтүстік бөлігінде байқалған.

Сонымен қатар аймақта Красенинников жанартауы атқылап жатыр. Түтін алты шақырымға көтерілген. Жанартаудан лава ағып жатыр. Ұшақтар үшін «қызғылт сары» қауіп деңгейі орнатылды.

Төтенше жағдай қызметі жанартау маңында елді мекендер мен туристер жоқ екенін айтты.

тау лава атқылады түбек
Кеше, 21:21 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:31 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар