Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты Қанат Бозымбаев мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның айтуынша, үш әскери қызметші құтқарылған. Қазір теңізде әлі табылмаған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық істер де қозғаған.
«Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді», – деді Қанат Бозымбаев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: