Кісі өлтіру, зорлық, адам ұрлау: Талғарда қандықол қылмыскерге үкім шықты

Келіншекті зорлап, ағасын өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап кеткен ер адам 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қылмыстық іс Алматы облысында қаралды.

Сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзған, жеке құпияны құрайтын мәліметтерді таратқан, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлау мен зорлық-зомбылық жасаған.

Ол сондай-ақ жәбірленушінің туыстарының үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіремін деп қорқытқан.

Кейіннен кәмелетке толмаған сыбайластарын қылмыс жасауға тартқан.

Олар жәбірленушінің ағасын өлтіріп, баласын ұрлап кеткен.

Басты күдіктіге 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екі сотталушының әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талғар Қызылқайрат Қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар