Көкшетауда 18 жастағы студент есірткі таратты
Көкшетауда есірткі таратты деген күдікпен 18 жастағы студент ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көкшетауда есірткі таратумен айналысқан деген күдікпен 18 жастағы бірінші курс студенті қолға түсті. Ол жұмысқа мобильді қосымша арқылы орналасқан.
Полицияның мәліметінше, тінту барысында студенттен 24 қаптама мефедрон табылған. Күдікті есірткіні бір ай бойы таратқан.
Студенттің телефоны тәркіленіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: