Конституциялық реформа: Азаматтардан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті

Конституциялық реформаға қатысты азаматтардан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Конституциялық реформа аясында Жұмыс тобынан бөлек, азаматтардан 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Бұл туралы Конституциялық Сот Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық реформаның отырысында айтты.

Реформа мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке - Құрылтайға көшіру, Халық кеңесін құру, Вице-Президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелерді жан-жақты зерделеуді көздейді.

Жиын соңында Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның келесі отырысы дүйсенбі күні өтетінін хабарлады.

Тақырыпқа жаңалықтар