Қазақстан жаңалықтары22 мамыр 2024, 12:00

Көшеде тұрған автокөлік толығымен жанып кетті

Қызылорда облысы Арал ауданында жеңіл автокөлік өртенді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға аудан орталығы – Арал қаласында болды. Төтенше жағдайлар саласына көшелердің бірінде «Mersedes-benz 210» жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 7 қызметкер барды. Олардың күшімен толығымен жанып жаткан автокөлікті сөндірілді. Жарақат алгандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Қызылорда көше Көлік жанып кетті

Тақырыпқа жаңалықтар