Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары9 қыркүйек 2024, 20:22

Көшпенділер ойыны: Қазақ күресінен балуандарымыз бір күнде 8 алтын жеңіп алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен отандастарымыз бір күнде 8 алтын медаль жеңіп алды. Алтыншы алтынды ел қоржынына әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Бақыт Құсақбаева жеңіп алса, жетінші алтын жүлдені ерлер арасында 66 келіде Дидар Тұқышев иеленді. Ал сегізінші алтын жүлдені 74 келі салмақта тағы бір отандасымыз Жұмажан Қожамбеков жеңіп алып, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Бүгін сегіз салмақтан ел намысын қорғаған (4 ер, 4 әйел) балуандарымыздың барлығы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Осыған дейін ерлер арасында Мейіржан Берекетов пен әйелдер арасында 56 келі салмақта белдескен Роза Нұрмахамметова чемпион атанған еді.

Сонымен қатар, 52 келі салмақта Назерке Азаматова жеңімпаз атанса, оған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

көшпенділер ойыны Қазақ күресі 8 алтын

Тақырыпқа жаңалықтар