Көтерілісшілер премьер-министрдің әйелін өртеп жіберді

Непалда әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін жаппай наразылық басталып, премьер-министр Шарма Оли қызметінен кетті. Наразы халық Шарма Олидің жұбайы, елдің сыртқы істер министрі Арзу Рана Деубаны ұрып-соғып, үйіне қамап, өртеп жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дереккөздердің мәліметінше, әйел ауыр жағдайда ауруханасына жеткізілген. Бірақ ол денесіндегі күйік пен ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды.

Осыған қарамастан, көтерілісшілер Непал президентінің Катмандудағы резиденциясына кіріп, оны өртеп жіберді. Экс-премьер-министр Шарма Олидің Балко қаласындағы жеке резиденциясы, сондай-ақ, министрлер мен саясаткерлердің бірнеше резиденциясы зардап шекті. Қақтығыстан кем дегенде 22 адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алды.

Апат Басшы Әйел өртеді

Тақырыпқа жаңалықтар