«Күдіктілердің көбі танымал спортшылар»: Атырауда көз жұмған 23 жастағы фельдшер туралы жаңа деректер шықты

Атырауда кісі қолынан қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Азамат Асылбекұлының денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz-ке сілтеп.

Жақындарының айтуынша, марқұмның артында жүкті жұбайы мен әжесі қалды. Ол сәуір айында шаңырақ көтерген екен.

Мәліметке сәйкес, марқұм төбелес болған күні аяусыз соққыға жығылған. Ал оқ жақын жерден атылып, дәл жүрегіне тиген.

Төбелеске қатысқандардың көбі бұрыннан тергеушілердің бақылауында болған. Оларың көбі танымал спортшылар екен. Бұзақылардың саны отызға жуық, жастары 23 пен 25 аралығында. Сондай-ақ төбелес болған түні бір емес, онға жуық оқ атылған.

Төбелеске қатысқандар бәрі қамауға алынбаған. Бір күдікті полиция қызметкерімен туыстық қатынаста. Дегенмен ол жетекші лауазымда жұмыс істемейді екен.

Атырау Қылмыс медицина өлім

Тақырыпқа жаңалықтар