Lenovo директорын өлтірген күдікті Әзірбайжаннан экстрадицияланды
Lenovo компаниясының мемлекеттік құрылымдармен байланыс жөніндегі директоры Ермек Жақыпжановты өлтірді деген күдіктілердің бірі Әзірбайжаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ермек Жақыпжановтың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті былтыр, 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылына жақын маңда табылды. Оны екі ер адам кездесуге шақырып, есін жоғалтқанша ұрып-соғып, 40 миллион теңге мүлкін алып, өлтіріп кеткен.
Бір күдікті көп ұзамай Қарағанды облысының аумағында ұсталды. Екіншісі жасырынып үлгергендіктен, халықаралық іздеу жарияланды.
«Қаңтар айында іздеу жарияланған ер адам Әзірбайжан аумағында ұсталып, Бас прокуратураның өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Ол тергеу изоляторына қамалды», деп хабарлады Бас Прокуратура.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: